Мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн өтеді – Дархан Жазықбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн өтеді – Дархан Жазықбаев

19.10.2023

Енді мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн өтеді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша жыл басынан бері Е-қызмет жүйесі еліміздің 5 мемлекеттік органымен пилоттық жоба негізінде іске қосылған. Демек, енді жұмысқа орналасу үшін тестті ғимаратқа барып тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет істер агенттігі өкілдері уақытша еңбекке жарамсыздық парағын онлайн алуға болатынын айтты. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жасалған жоба алдағы уақытта толық жүзеге асады. Айта кетейік, мұндай шешімдер қағазбастылықтан арылтып, адами факторлардың алдын алу үшін қабылданып жатыр.

Дархан Жазықбаев - мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Қазіргі таңда мыңнан астам адам тесттен өтіп жатыр, оның 780 адамы нақты қызметке кіріп жатыр. Бірден оның жауабы өзінің жеке кабинетінде көрсетіліп отырады. Қағазбастылықтың бәрін аламыз, себебі біздің алдымызда қазіргі таңда мемлекеттік органдарды бюрократиядан арылту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қадамдар-соның бірі.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу