Қызылордада «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
Қызылордада алғаш рет «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасы бастау алды. Жоба аясында 100 жас отбасы баспаналы болады.
Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бағдарлама шарты бойынша баспана 19 жыл мерзімге 5 пайыздық несиемен беріледі. Қатысушы бастапқы 10 пайыз жарнасын төлеуі тиіс. Жоба жергілікті әкімдік пен «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылады. Игі бағдарламаға мемлекеттік қызметшілер ғана емес мәдениет, денсаулық салаларының қызметкерлер және алғаш рет журналистер еніп отыр. Тұрғын үй алуға құжат қабылдау 26 қазанда аяқталады.
Артур Қамбаров, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Бағдарламаның жалпы құны 1,7 млрд теңге, оның 1,2 млрд теңегесі облыстан бюджеттік несие ретінде бөлінсе, ал 500 миллионы «Отбасы банк» арқылы қарастырылып отыр.
Әділбек Серіұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05