IV Азия Пара ойындарына еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорттан бақ сынайды. Сондай-ақ, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара садақ ату, пара үстел теннисі, академиялық есу және пара оқ ату жарыстарында жүлдеге таласады. Байрақты бәсеке қазанның 22-сі мен 28-і аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы жиналған. Олар спорттың 22 түрінен жалпы саны 564 медаль жиынтығын өзара сарапқа салады.
Сәрсен Құранбек, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Біз 14 спорт түрінен қатысатын боламыз. Жалпы, Қазақстанның құрамасы 131 спортшыны құрайды. Оның ішінде 93 ер адам, 38 әйел адам қатысатын болады.
Қаракөз Кенжебекова