Қазақстанда 4 мыңға жуық автобус жүргізушісі жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 4 мыңға жуық автобус жүргізушісі жетіспейді

18.10.2023

Елімізде 4 мыңға жуық автобус жүргізушісі жетіспейді. Себебі, талап бойынша Д1,Д2 санаттағы куәлігі бар жүргізушілер ғана жолаушы тасымалдай алады. Заңға енген бұл өзгеріс автопарктердің жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Мәселен, Өскемендегі автопапрктегі көліктердің тең жартысы қаңтаралып тұр. Өйткені жүргізуші жоқ.

Қанша күткенмен кейбір бағыттарға автобус мүлде жүрмей қалатын күндер болады.Әсіресе таңертең кешке шеткі шағын ауданның тұрғындарына қиын.

Автопарк басшылары автобустардың кестеге сай жүрмеуін жүргізушінің жоқтығымен байланыстырады. Қазір қаладағы тасымаладушы мекемелерде көліктердің тең жартысы қаңтарылып тұр.

Шыңғыс Әбенов, автопарктің бас инженері:

Адам бірінші В, С санатын алады, одан кейін Д1санатын алады. Одан кейін үш жыл ол кішкентай автобуспен жүру керек. Одан кейін екі жарым ай қайтадан оқып, Д санатын алу керек. Ешкім оқығысы келмейді. Біздің автобус паркі адам келсе, Д1 санатпен Д2-ге тегін оқыта аламыз.

Жалпы Өскемендегі 400 мыңға жуық тұрғынның 35-40 пайызы қоғамдық көлікпен жүреді. Қаладағы автопапктерде 256 үлкен 62 шағын автобус және, 18 трамвай күнделікті жолаушы тасымалдауы тиіс. Қазір бұл көліктердің 50 пайызы ғана жолда жүр.

Амантай Бақыт, қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры:

Осы мәселеге байланысты біз тасымалдаушылармен бірге Өскемен қаласының маслихатында осы тақырыпты қозғадық. Қазіргі таңда маслихаттың атымен мәжіліске хат жолдануда. Қандай ұсыныстар бар.

Қаладағы үлкен автобус тізгіндеп жүрген жүргізушілердің 90 пайызы зейнет жасындағылар. Ал жас мамандар заңдағы қатаң талапқа төзіп, куәлік алып қоғамдық көлік басқаруға құлықсыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу