Павлодар облысында егін орағы кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында егін орағы кешігіп жатыр

16.10.2023

Павлодар облысында егін орағының аяқталуы жылдағыдан үш аптаға кешігіп жатыр. Күн ара жауын. Техника қаңтарылып тұр. Ылғал мол түскендіктен, көк шөп қаулап кеткен. Соның салдарынан жиналған дән шіри бастаған. Ылғалдылығы аса жоғары болғандықтан, элеваторлар астықты кептіруге қабылдамайды. Егін өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмен. Орташа шығымдылығы 4,3 центнер. Былтыр гектарына 10,3 центнерден дән жиналған.

Ерлан Тоқтышақов, шаруа қожалығының басшысы:
Кеше жауын құйып өтті. Жұмыс тағы тоқтады. Бидайды жинап жатырмыз. Гектарына 1,4 центнер. Дәнінде піспеген жасылы көп. Келесі жылға қажетті тұқым жинап алсақ соғанда разы боламыз.
Аймақта егістік алқаптардың әлі 20 пайызы орылған жоқ. Картоптың 90 пайызы, көкөністің 80 пайызы жиналған. Ал, майлы дақылдарға енді кірісіп жатыр.

Есентай Мүрсәлімов, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Қазір күнбағысты орып жатыр. Ылғалдылығы 11-12 пайыз. Майлы дақыл үшін бұл өте зиян. Кептіріп үлгергенше көгеріп кетуі мүмкін.
Болат Аманбаева

Хабарламаларға жазылу