Алматыда бір шаңғышы қаза тапты
Алматы тауларында қар көшіп, астында қалған екі шаңғышының біреуі қайтыс болды. Бұл мәліметті қала әкімдігі растады. Ресми дерек бойынша, ақ ұлпаның сырғуына екі кәсіби шаңғышының Тұйықсу мұздығында сырғанауы себеп болған. Алдымен біреуі төменге қарай сырғып, артынша қардың астында қалып қойған. Екінші шаңғышы болса, қауіпсіз жермен түсіп, әріптесін қар астынан алып шыққан. Көмек күткен оларға 109 құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Марқұмның денесін Шымбұлаққа дейін түсіріп, бүгін полицияға тапсырды. Ал зардап шеккен екінші шаңғышының жағдайы жақсы, медициналық көмектен бас тартты дейді құтқару қызметі.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09