Ауғанстанда тағы жер сілкінді
Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер қайта сілкінді. Қуаты 6,5 баллдық зілзаладан 2 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды. Бұл - бір аптада өңірде тіркелген үшінші дүмпу. Бірінен кейін бірі болған жер сілкіністерінен үрейленіп қалған тұрғындар бұл жолы далада түнеген. Өткен сенбіде болған қуатты зілзала мен одан кейінгі дүмпулерден елде екі мыңнан аса адам қаза тапты. 13 ауыл, жүздеген үй жермен-жексен болып, мектеп, емхана мен өзге де қоғамдық ғимараттар қираған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10
Медицина бірыңғай цифрлық кеңістікке көшеді
14.09.2026, 20:09