Лондонда қазақстандық суретшілердің көрмесі өтіп жатыр
Лондонда қазақстандық суретшілер Гүлнұр Мұқажанова мен Айғана Ғалидың жеке көрмесі өтіп жатыр. Олар төл туындылары арқылы шетелдік көрерменге Ұлы дала елі мен көшпенділердің философиясын жеткізуді мақсат еткен. Айғана Ғали көрмеге «Тәңір» сериясына кіретін картиналарын әкелген. Гүлнұр Мұқажанова болса, киіз бен мата пайдаланған еңбектерін әкелген. Қазақтың ырым-тыйымдарын Гүлнұр «Босаға» картинасы арқылы сомдаған. Тағы бір туындысы малдың терісінен жасалған. Жүрек тұсында шаншылып тұрған инелер мың өліп, мың тірілген қазақтың қайғы-қасіреті деп түсіндіреді ол.
Гүлнұр Мұқажанова, суретші:
Осы күнге дейін ізге қалдырған салт-дәстүр, біздің мәдениетіміз бар. Менің негізгі мақсатым қазақтың әруақтарының рухын көрсету, сақтау, әлем халқына жеткізу, құрметтеу.
Алексис Де Тизенгаузен, көрермен:
Еуропа халқы Қазақстанның заманауи өнері туралы әзірге біле бермейді. Ал мұндай галереялар өте қажет насихат құралы.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09