Басты Жаңалықтар 40 елден қандастар келді

40 елден қандастар келді

Қазақтың тағамын сүйіспеншілікпен әзірлеймін деп сұқбат беріп тұрған Ешим Савах. Францияда дүниеге келген қазақ қызы. Ол жарық дүниенің есігін ашқан сәттен бастап еуропада өмір сүріп жатса да, бірақ қазақтың салтынан ажырамағанын айтады. Ешим Саваш сынды әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден аса қандасымыз елге келді. Отандастар форумына қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға үндеу жолдады. Шетелдегі қазақтармен байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оны бірге талқылау маңызы зор деді. Бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән беретінін жеткізді. Соның бірі сырттағы қазақ кәсіпкерлері үшін «Ата жолы» картасы енгізілді, деді.

 Бұл -Ешим Саваштың Қазақ еліне алғашқы сапары. Ол Отандастар форумына шақырту алғанда қатты қобалжығанын айтады. Отанға деген сүйіспеншілік қанмен беріледі дейді. Еуропада болсам да қазақы тәрбиеде өсткенін жеткізді. Қазір Франциядағы Крей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. 31 жастағы қандасымыз Францияның сенатына үміткер ретінде сайлауға түсіп жатыр.

Ешим Саваш, Францияның Крей қаласы мэрінің мәдениет мәселелері бойынша орынбасары:

Франция қазақтарынан өздеріңізге дұғай дұғай сәлем. Атамекен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын.

Ал, Ертолқын Ғайретуллах жеті атасын жатқа білетін Түркиядағы қазақ баласы. Ол «Қазақ елі» журналын шығарып, басылымды түрік және қазақ тіліндерінде қатар ұсынып отыр. Жазушы, журналист Қызырбек Ғайретуллахтың ұлы Ертолқын әке аманатын осылай орындап жатқанын айтады. Жақында Түркияда басылып шығатын дәл осы «Қазақ елі» журналы еліміздегі «Үркер» Ұлттық байқауында халықаралық БАҚ номинациясын жеңіп алды.

Ертолқын Ғайретуллах, «Қазақ елі» журналының шығарушысы және бас редакторы:

Мен Абақ Керейдің ішінде Жәдікпін. Түркияда туып-өстім.Қазақ қаным мықты. Сол үшін осы журналды шығарып, қарапайым қазақ баласымын. Менің әкем қазақ - марқұм. Шешем марқұм -Түркия.

Отандастар форумына жан-жақтан келген қандастарымыз көкейкесті мәселелерді де көтерді.

Серікбол Бәденұлы, Дэлүн ауылының әкімі:

Біздің ауылға келетін болсақ, 100 пайыз қазақтар тұрады. Бастауыш сыныпқа дейін қазақ тілінде сабақтар жүргізіледі. Бізге сол оқулық, кітап жағынан көмек болса жақсы.

Оспан Нәбиұлы, Баян-өлке аймағы бұқаралық радио-телевидение мекемесінің басшысы:

Моңғолияның Баянөлкей аймағында тұрамыз. Баянөлкей аймағында 150 мыңдай қазақ тұрады. Қазақ орындаушылардың жақсы ән-күйлерін біздің алтын қорға алғымыз келеді радионың.

Жанарбек Ақби , жазушы, тарихшы:

Отандастар форумында ел елдегі туыстар бір ғасыр бір-бірімізді көрмеген туыстар бір бірімізді тауып алып жатырмыз. Бұл кісі Мұрат аға, бұл Түркияда туған. Мен Монғолияда туғанмын.

Шараның құрақ көрпе форматында өтуінің мәні де осында жатыр. Себебі, қазақта құрақтың мағынасы адамның басы құралсын деген ырымды білдіреді.

Самал Қабышева, тілші:

Бейресми ақпарат бойынша әлемдегі қазақтардың саны 8 млнға жуықтаған. Ал отандастар форумының басты мақсаты әр жерде жүрген қазақтардың басын Қазақ елінде, Қазақ жерінде қосу. Отандастар форумы жалпы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы форумға 40 елден 200 аса делегат келді. Ал алдағы уақытта қандастарымыздың санын екі есеге арттыру жоспарлануда.

Самал Қабышева


Бөлісу