Астанада ауылдың өмір салтын дәріптеп, ондағы әлеуметтік, рухани мәселелер топтастырылған көркем шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Үш томнан тұратын «Алтын тұғыр» кітабы 2016 жылдан бері басылып келеді. Жинаққа «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсына қатысқан шығармалар енгізілген. 15 томға жеткен әдеби жинақ, «Ауыл» партиясының аймақтардағы филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылған. Тұсаукесер салтанаты барысында «Ауыл» партиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар ауылдық елді-мекендердегі қаламгерлер шығармашылығын қолдау бағытында бірлескен іс-шаралар атқаруды қолға алмақ.
Қуаныш Сейтжанов , «Ауыл» ХДП партиясының хатшысы:
Биыл сол тағы да «Ауылым – алтын тұғырым» кітабының таныстырылымынан кейін біз келесі жылғы 2023-24 жылғы мерзімге бастама береміз деп отырмыз. Әдебиет порталымен жұмыс істейміз, әріптестіктеміз. Онлайн үлгіде сол порталға электронды түрде жіберіледі онлайн түрде жіберіледі шығармалар барлығы. Және тағайындалған әділ-қазы алқасы бар.
Асылбек Данияр