Елге 166 адам жеткізілді. Оның 124-і Қазақстан азаматы, ал қалған 42-і шетелдік жолаушы. Олар отандастарымыздың туған-туыстары мен жақындары. «Air Astana» әуе компаниясы өкілдерінің мәліметінше, бортта болғандардың арасында екі жасқа толмаған екі сәби және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан 14 адам болған. Бұған дейін «Хамас» ұйымы ракеталармен атқылаған Тель-Авивтен қазақстандықтарды эвакуациялау өте қауіпті болғандықтан арнайы рейстегі экипаж мүшелері екі еселеніп, барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Елге оралған азаматтардың айтуынша, Израильдегі жағдай күннен-күнге ушығып, жергілікті тұрғындар үреймен отыр.
Айгүл Әбдікерова, Астана қаласының тұрғыны:
Бірінші күні қара күн болды оларда. Ешкім шыққан жоқ. Қазір бәрі үйлерінде отыр. Ешкім жұмысқа шығып жатқан. Қорқынышты.
Үміт Желдібаева, Семей қаласының тұрғыны:
Барлық ер азаматтарды моблизациялап оңтүстікте болып жатқан соғысқа аттандырғаннан кейін бізде кішкене үрей туындады. Одан бөлек әуежай, жергілікті, көл үстінде жүретін корабльдердің дыбыстары бізге үрей, қорқыныш тудырды.
Нұрсұлтан Тілектес