Түркістанда Түркияның консулдығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Түркияның консулдығы ашылады

10.10.2023

Келер жылы Түркістанда Түркияның ресми консулдығы ашылады. Бұл туралы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Алматыда өткен ауқымды шарада айтылды. Ғылым және жоғары білім министрілігі Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған шарада екі ел арасындағы мәдени ағартушылық бағытындағы қолға алынған біршама жобалар талқыланды. Халықарлық конференцияда тарихшылар, экономистер мен мен саясаттанушылар, сондай-ақ шығыстанушылар қазіргі геосаяси жағдайдың ушыққан сәтінде бауырлас елдерлдің арақатынасы жақсара түсу керектігін алға тартты. Келер жылы Қазақстанның рухани астанасы Түркістанда Түркия консулдығының ашылуы соның бір нышаны болмақ.

Суат Бейлур, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Қазақ – түрік қарым-қатынасы 30 жылдық дипломотиялық, экономикалық алыс-беріспен шектелмейді. Бауырлас екі халықтың достығы мәңгі болмақ. Қожа Ахмет Яссауидің, Мәулана Румидің рухани құныдылықтары бәрімізге ортақ. Сондықтан ғылым, білім, мәдениетіміз бірге дамып келеді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу