Түркияда қазақстандық туристер тағы да далада қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қазақстандық туристер тағы да далада қалды

12.07.2017

Бұл жолы «ELITE CLASS» туристік фирмасы банкротқа ұшырап, демалуға барған жерлестеріміз келеңсіз жағдайға тап болды. Демаламыз деп барып, осындай қиындыққа кезіккен отандастарымызға Қазақстанның Анталиядағы консулдығының қызметкерлері барынша көмектесіп жатыр.

Ал, Түркияның бұл өңірінде консулдығы жоқ Әзірбайжан, Өзбекстан сияқты елдерден барған 400-ге тарта саяхатшы әуежайда шарасыз жағдайда қалған. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандық туристерден келеңсіз жағдайға ұрынбас үшін саяхатқа аттанар алдында бара жатқан қонақ үйлері мен билеттер үшін ақы төленгенін анықтап, тексеріп алуға кеңес береді.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу