Түркістанда 30 орындық госпиталь ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 30 орындық госпиталь ашылады

30.06.2020

Коронавирустың өршуіне байланысты Президент инфекциялық стационарларды көбейтуді тапсырған. Осыған орай Түркістанда 7 маусымнан бастап 30 орындық госпиталь ашылады. Бұған дейін облыс орталығында ковид жұқтырғандарды емдейтін орын жоқ еді. Тек провизорлық орталық болды. Яғни короновирусқа ұқсас ауру белгілерімен түскен науқастарды оқшаулап, емдеп, сұрыптайтын жер. Ал вирусқа шалдыққандарды дереу Кентау, Арыс қалаларына, болмаса Ордабасы, Бәйдібек аудандарындағы инфекциялық ауруханаға жөнелтетін. Енді бұрынғы елу орындық провизор ковидті емдейтін 30 орындық госпитальға айналады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу