Қазақстанда 64 млрд теңгеге 9 май өндіретін кәсіпорын ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 64 млрд теңгеге 9 май өндіретін кәсіпорын ашылады

08.10.2021

Қазақстанда 64 млрд теңгеге 9 май өндіретін кәсіпорын ашылады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жаңа жобалар биылдан бастап 2023 жылға дейін жүзеге асады. Жауаптылар 6 млрд теңгеге бағаланған 3 кәсіпорынды биыл іске қосуды көздеп отыр. Алғашқысы Ақмола облысында осы күзде жұмысын бастайды. Жылдық қуаты - 180 мың тонна. Екінші жоба Павлодар облысында бұрыннан бар кәсіпорын. Мұнда жылына 1 мың тонна өнім шығарылады. Желтоқсанда Түркістанда да тағы бір май өндіру кәсіпорны ашылады. өндірушілер жылына 200 тонна май шығаруды жоспарлап отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу