Ауғанстандағы зілзала құрбандары жер қойнына тапсырылды
Ауғанстанда жойқын зілзаладан қаза тапқан жүздеген адамның мәйіті жер қойнына тапсырылды. Мұнда өткен сенбі күні 6,3 баллдық дүмпуден кейін 8 қуатты афтершок болған. Жер сілкінісі дүйсенбіде де қайталанды. Талибан әкімшілігінің мәліметінше, табиғи апаттан 2400 адам қаза тапты. Он мыңға жуық тұрғын жараланған. Зілзаладан елдің батысындағы Герат провинциясы орасан зардап шекті. Мұнда 13 ауыл жермен-жексен болған. Қайырымдылық ұйымдары жер сілкінісінен зардап шеккен өңірге гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05