Қыздардың мәйітін шатастырғандар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыздардың мәйітін шатастырғандар жазаланды

22.11.2019

Оралда 10 жастағы қыздың денесін шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген мәйітхана қызметкері жұмыстан қуылды. Ал сот сараптамасы институтының басшысы мен қала әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жарияланды. 

Айта кетейік, күні кеше жаяу жүргіншілер жолағында 10 жастағы қызды көлік қағып кеткен еді. Жасөспірім сол мезетте қайтыс болды. Мәйітханаға қызының сүйегін алуға барған әкесіне ондағылар мәйіттің жоқ екенін айтады. Қызметкер мүрдені 500 шақырым жердегі Сайқын ауылына шатастырып беріп жіберген. Жарты жолға жетіп қалғандар сүйекті тек түнде қалаға жеткізеді. Бүгін марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу