Сейсмологтар Непалда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам жасауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейсмологтар Непалда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам жасауда

03.05.2015
Сейсмологтар Непалда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам жасауда

Непал, Үндістан және Қытайда тағы да жер сілкіністері орын алуы мүмкін, деген мәлімдеме жасады АҚШ-тың Стэнфорд университетінің сейсмолог-ғалымдары. Олар мұндай тұжырымға Гималай аймақтарын зерттеп байқаған соң келіп отыр, деп хабарлайды Newsland.

Ғалымдардың пікірінше, сол маңда үнділік жер қатпары Азиялық жер қатпарымен соқтығысып, тағы да қуатты жер сілкіністерін тудыруы мүмкін.

Айта кетейік, табиғи апаттың болатынын мамандар 2001 жылы болжаған, бірақ оның нақты қай уақытта басталатынын ешкім дөп басып айта алмады. 

Естеріңізге сала кетейік, Непалда тербелісі 7,9 баллға жеткен жойқын зілзала 25 сәуір күні таңертең болды.

Оның кіндігі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болды. Бұдан кейін күндіз Непалда бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең қуаттысының күші 6,7 баллға жетті.

Жер сілкінісінің құрбандары саны қазіргі таңда 7 мың адамнан асты, 14397 адам жарақаттанған.

Хабарламаларға жазылу