«Джексон-Вэник» түзетуі көп ұзамай күшін жоюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джексон-Вэник» түзетуі көп ұзамай күшін жоюы мүмкін

09.10.2023

Қазақ-Америка арасындағы сауда-саттыққа кері әсер етіп отырған Джексон-Вэник түзетуі көп ұзамай күшін жоюы мүмкін. Арнайы заң қазір АҚШ конгресінде қаралып жатыр. Америка азаматтығын алған отандастарымыз құжаттың 1970 жылдары Қазақстанға қатысты енгізілген тармағын жоюды сұрап сенаторларға хат жазған. Бұл жайлы Қазақ-америка қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағанбетов Вашингтон аймағы қазақтарының дәстүрлі бас қосуында айтты. Жалпы мыңға жуық адам заң шығарушы органға өтініш жіберген. Оның үштен бірі Қазақстанда жұмыс істеген, бизнес не басқа да салаларда тығыз байланысы бар америкалықтар екен. Қауымдастық жетекшісінің айтуынша, сенаторлар мәселенің оң шешілуіне ықпал етуге уәде берген. Ал, жыл сайын өтетін басқосуға қатысып арқа-жарқа болған жұрт күй тыңдап, ән айтып елге деген сағыныш басқандай. Балалар жағы асық ойнап, арқан тартысып мәз мейрам болды. Дәстүрлі шараға тіпті, Европадан да қазақтар арнайы келген.

 Шоқан Бектұрғанов, дәрігер:

Бернер Швейцариядан арнайы қазақтардың бас қосу мерекесіне келдім. Бұл шараның маңызы өте зор екен. Көріп жатырмыз қанша халық жиналып, бұл ұлттық сана сезімді дамытуға ықпалы өте үлкен деп айтқым келеді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу