АҚШ-та шетелдіктердің дүниеге келген балаларына азаматтық беру заңы өз күшін жоюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та шетелдіктердің дүниеге келген балаларына азаматтық беру заңы өз күшін жоюы мүмкін

31.10.2018

Шетелдіктердің Құрама Штаттарда дүниеге келген балаларына азаматтық беру заңы өз күшін жоюы мүмкін. Президент Дональд Трамп осындай қадамға баруға уәде берді.

Мемлекет басшысы бұл мәселені өз кеңесшілерімен талқылап, жуырда жүзеге асырмақ ниетте.

Конституцияға АҚШ топырағында туған кез келген адамға осы елдің азаматтығын беру туралы 14-ші түзету 1868 жылы азаматтық соғыстан кейін енгізілді. Дегенмен, мұндай халықаралық норма Канада, Мексика, Бразилия, Аргентина тәрізді әлемнің 30-дан астам елінде әрекет етеді.

Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ-та осы ереженің күшін негізгі заңға түзету енгізбей-ақ Президенттің Жарлығымен жоюға болады.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- АҚШ - өз аумағында дүниеге келген әр балаға азаматтық беретін бірден-бір мемлекет. Мұндай тәжірибе тек біздің елде ғана бар. Басқа жерден келген адамнан туған бала 85 жасқа дейін барлық артықшылықтарды пайдаланып, АҚШ азаматы болады. Бұл дұрыс емес.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу