Қазақстан мен Қытай азаматтар туралы ақпарат алмасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай азаматтар туралы ақпарат алмасады

20.09.2023

Қазақстан мен Қытай азаматтығын қатар алу мүмкін болмайды. Бүгін екі ел арасындағы келісімді Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жолдады. Құжат 4 бағытты қамтиды. Азаматтардың виза алу, келу-кету деректері, азаматтық алу және екінші елде құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметпен тоқсан сайын алмасады. Ал егер елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қауіп төнетіндей жағдай болса, тараптар жауап бермеуге құқылы. Келісім кез келген уақытта бір тараптың шешімімен күшін жоюы да мүмкін.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Және келген азаматтардың қос азаматтықпен жүру жағдай тіркеліп жатады. Осы уақытқа дейін 400-ден астам осындай факті тіркелген екен. Бұл осындай жағдайлардың алдын алу үшін қабылданып отырған келісім.

Хабарламаларға жазылу