Күрдтердің әскери нысандары жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрдтердің әскери нысандары жойылды

07.10.2023

Түркияның Сириядағы Күрд жұмысшы партиясына қарсы операциясы жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі 14 содырдың көзі жойылғанын хабарлады. Әуе шабуылынан 15-ке тарта әскери нысан қираған. Қазанның 1-інде Анкарада жарылыс болды. Жарылысты Күрд жұмысшы партиясы өз мойнына алды. Осыдан кейін Түрік күштері күллі ел аумағында және Сирия мен Ирактағы күрд жасақтарына қарсы операцияны бастап кетті. Түркияның мәлімдеуінше, жарылыс жасағандар Сирия аумағынан келген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу