Қызылордада заңсыз айналымда болған қару-жарақ жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада заңсыз айналымда болған қару-жарақ жойылды

12.12.2022

Қызылордада заңсыз айналымда болған қару-жарақ жойылды. Құқық қорғау органдары жүргізген іс-шара аясында азаматтардан тәркіленген және ерікті түрде тапсырған барлығы 363 қару алынған.

Атап айтқанда 32 ойық ұңғылы, 311 тегіс ұңғылы мен 9 шолақ мылтық және 13 газды травматикалық қару облыстық полиция департаментіне өткізілген. Мамандардан құралған комиссия тәркіленген қаруларды тексере келе 147 данасын әскери және арнайы жабдықтау базасына берді. Ал қалғаны белгіленген тәртіпке сай жойылды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу