Сирия армиясы күрдтерге көмектесу үшін солтүстіктегі Тел-Тамер қаласына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия армиясы күрдтерге көмектесу үшін солтүстіктегі Тел-Тамер қаласына жетті

14.10.2019

Сирия армиясының жауынгерлері бүгін елдің солтүстік-шығысындағы Тел-Тамер қаласына жетті. Олар түрік әскерімен соғысып жатқан күрд отрядтарына көмектесек. АҚШ бұл аймақтан өзінің мың сарбазын әкететінін жариялағаннан кейін, күрд жасақтары қолдаусыз қалды. Сондықтан олар президент Башар Асадтан жәрдем сұрап, тараптар одақтасуға келісті.

Анкара күрдтерді Сирияның теріскейінен ығыстыру операциясын өткен аптада бастады. Соңғы мәліметке қарағанда, түрік армиясы араб респбуликасында 109 шаршы шақырым аумақты басып алған. Және де күрдтердің 440 содыры жойылды. Бұл науқанның өзге бір мақсаты – күрдтерден босатылған территорияларға кезінде Түркияға өткен миллиондаған сириялық босқынды қайтару. Операция барысында кемінде 60 бейбіт тұрғын мерт болып, 130 мыңдай адам үйлерін тастап кетті.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу