Киевте Ресейдің 9 әскери ұшағы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте Ресейдің 9 әскери ұшағы жойылды

11.08.2022

Украина армиясы Қырымда сейсенбі күні болған алапат жарылыстардан Ресейдің 9 әскери ұшағы жойылғанын хабарлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл шабуылды Украин армиясы жасаған. Алайда Ресей өз әуе техникасының қирағанын жоққа шығарып, оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себепші екенін мәлімдеді. Киев болса жарылыстар үшін ресми түрде мойнына жауапкершілік алған жоқ.

Соңғы мәліметке қарағанда, ресейлік аэродромда болған жарылыстардан 1 адам қаза тауып, 14-і жараланған және 60 көпқабатты үй мен 20 коммерциялық нысан зақымданды.

 Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу