Астанада Абай облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Абай облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

07.10.2023

Астанада ауыл шаруашылыы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Осы демалыста Абай облысы 120 тоннадан астам өнімін ұсынды. Науқанда ет, балық, құрт, ірімшік пен балдың саудасы қызды.

Күзгі жәрмеңке жалғасып жатыр. Астаналықтар таңғы сағат 8-ден науқанға қарай ағылды. Әсіресе, ет пен балдың саудасы қызды.

Жәрмеңкеге Абай облысының 8 ауданы мен Семей қаласының шаруалары қатысты. Жалпы алғанда 150-ге жуық кәсіпкер тауарларын 50 жүк көлігіне тиеп әкелген. Олар өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүмкіндік алды.

Еркежан Тұрдықұлова, сатушы:

Өзіміздің шаруашылығымыз. Біз бұл етті бұл жерге бірінші рет әкеліп отырмыз. Далада жайылымда, өз қолымызда өскен малдар.

Науқанда ет пен сүт өнімдерінің 20-дан астам түрі, кондитерлік өнімдер, бал және ұлттық тағамдар бар. Азық-түлікті нарықтағы бағадан 20-25 пайызға дейін арзан ұсынып жатырмыз,- дейді өңір әкімдігі.

Ертай Қуанбаев, Абай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің Абай облысы таза табиғи жайылымдық жерден шыққан мал өнімдерінің ет, сүт, шұжық, сонымен қатар сүт өнімдері, өсімдік шаруашылығы, қарбыз-қауын т.б. барлық өнімдердің түрлері келіп отыр. 50-ге жуық жүк көлігі келді. 150-ден астам шаруа қожалықтар. 120 тоннадан астам, 20 ауыл шаруашылық өнімдері.

Сондай-ақ, Абай облысының бірқатар өнерпазы, концерттік бағдарлама қойып, астаналықтарға ерекше көңіл күй сыйлады. Жәрмеңке екі күн бойы жалғасады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу