Жетісу облысында бесінші қарашада екі ауданда әкім сайлауы өтеді. Кербұлақ және Сарқан ауданы тұрғындары аудан басшысын таңдау құқығына ие болмақ. Қазір Кербұлақ ауданында 9, ал Сарқан ауданында 5 үміткер құжаттарын өткізіп үлгерген. Кандидаттардың төртеуі өзін-өзі ұсынған болса, қалған 10 азамат еліміздегі саяси партиялардың атынан бақ сынайды. Үміткерлер арасында ауданды қазір басқарып отырған әкімдер де бар. Кандидаттардың ең жасы 36-да , үлкені 57 жаста. 14 үміткердің біреуі әйел.
Тимур Дәуітов , Жетісу облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
10 кандидат мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Екеуі коммерциялық құрылымдардың өкілдері. Екі кандидат жұмыс істемейді уақытша. 13 кандидатттардың бүгінгі күнге сәйкестігі анықталды. Бір кандидаттың құжаттары әлі қарауда.
Қуаныш Қанатұлы