Түркияның БАҚ өкілдері Астанаға келді
Түркияның бір топ БАҚ өкілдері Астанаға келді. Олар алдағы екі күнде қазақстандық журналистермен тәжірибе алмасып, масс-медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Шара Түркітілдес журналистер қорының Анталья журналистер одағымен жасалған меморандум аясында өтіп жатыр. Делегаттар одан бөлек, елордадағы жоғары оқу орнына барып студенттермен кездесіп, қазіргі медиа бойынша дәріс оқып вебинар ұйымдастырмақ. Қор президентінің айтуынша, елге басқа да шет елдердің журналистерін шақыру жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған туризм саласының дамуына да өз септігін тигізеді-дейді.
Идрис Таш, Анталья журналистер одағының төрағасы:
Басты мақсатымыз – Қазақстан мен Түркия журналистерінің арасында, БАҚ өкілдерінің арасында алтын көпір болу, кәсіби бірлікті нығайту және тәжірибемізбен бөлісе отырып алға бірге қарыштап даму. Ең бастысы осы жобаның шеңберінде семинар өткіземіз, жас журналистерге тәжірибе бөлісеміз. Мен сенімдімін осындай жобалардың арқасында Түркиядан Қазақстанға келетін инвесторлар саны артады. Осындай шараларда бір-бірімізді тану арқылы екі ел бір-біріне пайдалы болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09