Павлодарда құбыр жарылып, шағын ауданға жылу беру тоқтатылды
Павлодар қаласының «2-ші Павлодар» деп аталатын бөлігінде құбыр жарылып, үйлерге жылу беру уақытша тоқтатылды. Апат 4-ші сорғы станциясы аумағында кешкі уақытта болған. Диаметрі 400 миллиметрлік құбырдан атқылап жатқан ыстық суды тұрғындар түсіріп алып әлеуметтік желіге салғаннан кейін жөндеу бригадалары келген. Іле-шала ішкі желілерді сумен толтыру тоқтатылды. Монополист компания жөндеу жұмыстары қашан аяқталатының және қалада қанша үй жылусыз отырғанын әзірге жария қылған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласындағы әлеуметтік нысандардарға жылу беру қыркүйек айының 18-де басталған болатын. Қазір ондаған учаскелерде ақау шыққан желілерді жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09