Қытай еліндегі жарыста ел қоржынына елуінші медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай еліндегі жарыста ел қоржынына елуінші медаль түсті

04.10.2023

Наталья Богданова он тоғызыншы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 66 келі салмақта бақ сынаған боксшы Тайланд спортшысынан жеңіліп қалды. Ал тағы бір отандасымыз Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының финалына шықты. Бұған дейін Каринаның Париж Олимпиадасына жолдама алғанын айтқан едік. Бұдан өзге 77 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен палуанымыз Азат Садықов қола жүлдені күреспей-ақ, еншіледі. 60 келіде үшінші орынды сарапқа салған тағы бір спортшымыз Айдос Сұлтанғали Солтүстік Корея өкіліне есе жіберді.


Хабарламаларға жазылу