Қостанай облысында қасқырдың шабуы жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қасқырдың шабуы жиіледі

04.10.2023

Қостанай облысы Қосарал ауылдық окуругінің маңында қасқырлар малға шапты. Бір апта ішінде түз тағысы үш рет жайылымдағы қойға ауыз салған. Жыртқыштар алғашқыда Жыланды ауылының маңынан байқалған. Кейінірек орманшылар түз тағысының Байкино елді мекеніне жақын жүргенін хабарлаған. Енді жергілікті әкімшілік қауіпсіздік үшін тұрғындарға орманға жақын бармауды ескертіп отыр. Кеше ғана Абай облысының Үржар ауданындағы шекаралық ауылдарда ірі қараға аюлардың шабулы жиілегенін айтқан болатынбыз. Жыртқыш тіпті атты адамға да шабуыл жасаған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу