Қарағанды облысында 160 тонна шөп жанып кетті
Қарағанды облысында шөп өрті жиіледі. Соңғы екі тәулікте 5 жағдай тіркеліп, шаруалардың дайындап қойған 160 тонна шөбі өртеніп кеткен. Соңғы оқиға Теміртауда болған. Тұрғын үйдің ауласындағы 15 тонна шөп пен 2 қора өртенген. Қызыл жалынды өз бетінше сөндірмек болған 1981 жылғы азамат күйік шалып, ауруханаға түсті. Осындай оқыс жағдайлар Абай, Бұқар жырау, Осакаров аудандарына қарасты елді мекендерде болып, дайындалған мал азығы күлге айналды. Шығыс Қазақстан облысында да тамыз айынан бастап 39 өрт оқиғасы тіркеліп, ауыл тұрғындарының қысқа әзірлеген 800 тоннаға жуық шөбі жанып кеткен.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
13.04.2026, 17:39
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
13.04.2026, 17:38
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
13.04.2026, 17:37
Брюссельде қазақ мәдениеті кеңінен насихатталды
13.04.2026, 17:35
Тарихшы: Дала заңдары жаңғыртылуы қажет
13.04.2026, 17:33
Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады
13.04.2026, 17:30
Жас ғалымдардың еңбектері таныстырылды
13.04.2026, 17:27
eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
13.04.2026, 17:25