Шымкентте қызыл қасқыр күшіктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызыл қасқыр күшіктеді

23.05.2023

Шымкенттегі хайуанаттар бағы тұқымы сиреп бара жатқан қызыл қасқырдың бөлтірігімен толықты. Енесі бауырына алмағандықтан күшікті зообақ қызметкерлері тамақтандырады. Арнайы қорғауға алынған қызыл қасқыр тұқымы Қазақстанда Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында кездеседі.

Терісі бағалы, бірақ олар өте сирек кездеседі. Соңғы 40 жылда ел аумағында қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек тіркелмеген. Хайуанаттар бағында туған қызыл бөлтіріктің жағдайы қазір жақсы.

Бақыт Оразбаева, хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі:

Анасының бірінші тумасы болғандықтан баласын қабылдаған жоқ. Сол үшін біз оны анасынан бөлек алдық. Ветеринарлық дәрігеріміз арнайы емізікпен азықтандырды. Қазіргі таңда ол қызыл қасқыр күшігінің жағдайы жақсы. Айналасына қызығушылықпен қарап, танып-біліп жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу