Атырау облысында экологиялық жол картасы жасақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында экологиялық жол картасы жасақталады

04.10.2023

Атырау облысының тұрғындары үшін кешенді экологиялық-медициналық зерттеу жүргізу керек. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары 3 күн бойы экологиялық мәселелермен танысып, осындай шешімге келді. Олар өндіріс ошақтарына барып жағдаймен танысты. Экобелсенділермен кездесіп, саладағы күрделі проблемаларды талқылады. Каспий теңізі мен Жайық өзенінің жайы, суды үнемдеу мәселелері көтерілді. Мәжілістегі экология мәселелері мен табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин түйіткілді Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қарау керегін айтты. Сондай-ақ қазір ешбір облыста аудандардың экологиялық жол картасы жасақталмаған. Комитеттің көшпелі отырысы аясында бұл жұмыстар алдымен Атырау өңірінен басталатын болды. Қара алтын өндіруші компаниялар автоматтандырылған мониторг жүйесін жедел реттеуге құлықсыз. Мәжіліс депутаттары кәсіпорын басшыларына мәселені дереу шешу керегін баса айтты.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ірі алпауыт компаниялардың әлі күнге дейін өңірдің экологиялық мәселелерін жақсартуға істеп жатқан жұмыстары халықтың көңілінен шықпай отыр. Оны өзіміздің көзімізбен де көрдік. Шындығында кешенді Атырау облысының эколгиялық ахуалын жөндеу үшін шаралар алынуы керек деп есептейміз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу