Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы шаруашылыққа зиян келтіреді – маман
Орта Азия елдерінде су ресурстарының 90 пайызы суармалы егіншілікке жұмсалады. Сол су қорының небәрі 7,6 пайызын ғана Қазақстан қолданып келді. Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Трансшекаралық су ресурстарын басқару» баспасөз конференциясында айтылды.
Сала мамандары Іле өзенінің тартылмауы үшін жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Өйткені Іленің суы Қапшағай мен Балқаш көліне құяды. Егер суды тиімді пайдалануды қолға алмасақ, Балқаш тартылып, Аралдағы жағдай қайталанады ма деп қорқады. Сондай-ақ, олар суды пайдаланудың ескі әдісін алмастыратын жобаларды пысықтап жатқанын да алға тартты.
Азамат Кауазов, Орталық азиялық климаттық ақпарат платформасының (CACIP) үйлестірушісі:
Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы шаруашылыққа зиян келтіреді. Ескірген сорғылар, су жинайтын қоймалар, суландыру құдықтары, кәріздік каналдар және дәстүрлі суару әдістері тозып кеткенін байқауға болады. Қолға алған жобамыздың арқасында ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне нұқсан келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге болады. Екіншіден, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалы су тапшылығына тәуелділігі төмендеп, өнімділігі артпақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09