Осы Азия ойындарында оқ ату сайысы бойынша сынға түскен шымкенттік спортшылар да елге оралды.
Қазақстанның мергендер командасы бұл жолғы Азия ойындарында 10 медаль жеңіп алған болса, оның 7-і шымкенттік спортшылардың олжасы. Қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль салды. Әйелдер құрамасы сапында жарыс алаңына шыққан Зоя Кравченко мен Ольга Панарина скит жаттығуы бойынша командалық есепте алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, нысана көздеуде Зухра Ирназарова Қытайда әнұранымызды шырқатса, оның сыңары Фатима күміс жүлде иеленді. Сонымен қатар Андрей Худяков және Асадбек Назиркулов та ерлердің командалық ойынында екінші орыннан табылды. Бұл сапта тапаншадан оқу атқан Никита Чирюкин де бар.
Зухра Ерназарова, жылжымалы нысанаға оқ атудан Азия ойындарының чемпионы:
Еліміздің командасы Азия ойындарында үздік өнер көрсетті. Жақсы дайындығымызбен спорттық шеберлігіміздің арқасында жүлделі орындарға ие болдық. Жерлестеріміздің бізді ыстық ықыласпен күтіп алғанын көріп айрықша қуанып тұрмын. Біз алдағы жарыстардан да жүлдемен оралуға барымызды саламыз.