Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі міндет – екі әскери қызметшіні табу. Ресми мәліметке сүйенсек, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырды. Уәкілетті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Біз бен сіздің қазір басты міндетіміз - қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету. Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорағныс министрлігінің өкілдері осында қалып, жоғалған әскери қызметшілерді іздестіруді жалғастырыңыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы