Басты Жаңалықтар Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеріп жатыр. Комиссия отырысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтті. Тергеу жұмыстарына қатысты қандай ақпарат бар? Өңірдегі тілші Аягөз Оралбайқызы қазіргі жағдайды баяндайды.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы – қызметке салғырт қарау және  кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалған. Комиссия төрағасы оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде анықтап, кінәлі тұлғаларға заң аясында шара қолдануды тапсырды.
Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекет тарапынан қажетті әлеуметтік және материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар азаматтар мен бизнес өкілдері де отбасыларға қаржылай қолдау көрсетуге ниет білдірген. Атап айтқанда, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері әрбір қаза болған әскери қызметшінің отбасына 25 миллион теңгеден бөлген.
Ал оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ. Қазіргі уақытқа 12 сарбаздың денесі табылып, 3 әскери қызметші құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оған Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері мен авиция - барлығы жұмылдырылған.
Бөлісу