Басты Жаңалықтар Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Бұл туралы Халық Кеңесінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасына беріледі.
Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінің бизнес өкілдері - Кеңестің 17 мүшесі қосылды.
Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды. SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға көмекке 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге бөледі. 10 млн теңгеден Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев бөледі. 5 млн теңгеден Геннадий Зенченко, Акбаржон Исмаилов, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов жібереді. Бастамаға Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев та қосылды – олардың әрқайсысы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдауға 1 млн теңгеден бөледі.


Бөлісу