Маңғыстау облысында сарбаздың өліміне қатысты тергеу басталды
Маңғыстауда сарбаздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры тергеу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Өлімнің себебін анықтау үшін, бірқатар сараптама жүргізілген. Еске сала кетейін, 30-қыркүйекте Оймашы полигонын қоқыстан тазарту барысында белгісіз зат жарылған. Салдарынан Ақтау гарнизонының 20 жастағы сарбазы қаза тапты. Марқұм Шымкент қаласының тумасы. Жарылыстан зардап шеккен тағы бір әскери қызметкердің жағдайы тұрақты.
Ерлан Құтқожа, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры:
Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Адам өліміне әкелген жарылыстың себебі анықталатын болады. Осыдан соң тағы да бірқатар сараптама тағайындалады. Қазір лауазымды тұлғалардың өз қызметіне салғырт қарауы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлесіп кино түсіруді бастады
05.05.2026, 10:11
GITEX AI KAZAKHSTAN 2026 көрмесінің екінші күні
05.05.2026, 10:09
Заңсыз айналымнан 12 тонна алтын тәркіленді
05.05.2026, 10:08
Инвестордың ақшасын жымқырған кәсіпкер сотталды
05.05.2026, 10:07
Лондонда Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит қорытындылары талқыланды
05.05.2026, 10:06
Иран Дубайды зымыранмен атқылады
05.05.2026, 10:05
Түркияда қалың қар жауды
05.05.2026, 10:04
Үкімет отырысында жылыту маусымы қорытындыланды
05.05.2026, 10:03