GITEX AI KAZAKHSTAN 2026 көрмесінің екінші күні
Еліміздің цифрлық даму қарқыны шетелдік сарапшылардың назарын аударып отыр. Жасанды интеллектіні дамыту бағытында Қазақстан Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарда. Халықаралық көрмеге келуші сарапшылардың пікірі осындай. Қазір Алматылық әріптесім Айдана Қуантхан шарадан тікелей қосылымға шықты. Айдана, қайырлы таң! Бүгінгі жиында қандай мәселе көтеріледі? Қандай озық жобалар таныстырылады?
Бұл алаңда жаңа әрі қызықты жоба көп. Солардың бірі тың технологиясымен көпшіліктің назарын аудартқан қытайлық компания. Қазір біз компанияның өкілінен сұхбат алып, жобалар туралы сұрайық.
Қайырлы таң! 请介绍一下这个项目?Zhège xiàngmù yǒu shé me tèbié zhī chù?
Джа Ху, жоба жетекшісі:
Бұл компания интернеттің жылдам әрі тұрақты жұмыс істеуіне көмектесетін құралдар шығарады. Оның ішінде әртүрлі оптикалық құрылғылар бар. Компания өнімді сапалы жасауға және тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетуге көңіл бөледі.Nǐmen chūkǒu chǎnpǐn dào nǎxiē guójiā?
Үндістан, Тайланд, Индонезия, Дубай, Бразилия елдеріне өнімдерін экспорттайды. Қазақстандық компаниялармен осы алаңда келісімшарт жасаспақ.Бүгінгі форумда әлемде қаржы мен инвестицияның басым бөлігі жасанды интеллект пен жаңа технологияларға бағытталып жатқаны талқыланбақ. Бұл ретте жасанды интелектіні дұрыс басқару, заң мен этиканы сақтау маңызды екені атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекет пен жеке компаниялар бірігіп жұмыс істесе, жаңа стартаптардың дамуына жақсы мүмкіндік туады, дейді мамандар.
Мендегі ақпарат осы. Қонысбек!
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05