Инвестордың ақшасын жымқырған кәсіпкер сотталды
Шетелдік инвесторды 3,5 миллиард теңгеге алдаған кәсіпкер сотталды. Бас прокуратураның мәліметінше 2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдаланып, швейцариялық инвесторға тиесілі «УК Ринком» серіктестігінің 80 пайыз үлесін заңсыз түрде небәрі 63 миллион теңгеге сатып жіберген. Аталған кәсіпорын Ұлытау облысындағы темір кен орнын игерумен айналысқан. Сот айыпталушыны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленді. Шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12