Астанада халықаралық білім көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық білім көрмесі өтті

03.10.2023

Қазақстандық оқушылардың шет елде білім алып, тәжірибе жинауына мүмкіндік артады. Елордада 60-қа жуық шет елдің үздік жоғары оқу орындарының қатысуымен «International Educational Fair» халықаралық білім көрмесі өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жыл сайын өткізілетін шара - қазақстандық жастардың бəсекеге қабілеттілігін арттырып, шетелде жоғары білім алудың қолжетімділігі мен таңдау ауқымын көбейту. Көрме 7 қазанға дейін Алматы, Шымкент қалаларында, ал жабылу салтанаты Ташкентте өтеді.

Батыржан Әміров, халықаралық көрменің ұйымдастырушысы:

Осы жылы халықаралық көрмеге 60-тан астам университет пен 25-тен астам ел қатысады. Жастардың арасында бәсеке мықты болу үшін, білім жақсы дамуы керек. Білімді алуға мүмкіндік жасау үшін университеттердің өкілдерін шақырамыз. Сол өкілдер біздің жастарға тікелей түсіндіреді. Біздің жастарымыз сол мүмкіндіктерді пайдала отырып, еңбек жолын жарқын жасауға мүмкіндігі бар.

Армаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу