Елордада Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы тойланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы тойланып жатыр

28.09.2023

Оралхан Бөкейдің шығармаларын қайталап оқыған сайын жаңа қыры ашыла түседі. Жазушының 80 жылдық мерейтойына орай бас қосқандар қаламгерді осылай еске алды. Оралхан шығармаларымен сусындап өскенін айта келіп, оның бүкіл қазақтың мақтан тұтар тұлғасына айналғанын жеткізді. Аймақтан бастау алған шараның мемлекеттік деңгейде қолдау тапқанына ризашылық білдірді.

Мерейтой аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, суретшілердің туындылары қойылды.

Ұлықбек Есдәулет, ақын, Түрксой жазушылар одағының төрағасы:

Мерейтоларынан кейін, Оралхан оқуларын ұйымдастырғаннан кейін, Оралханның шығармаларын қайта басып шығарғаннан кейін жас ұрпақ, жас буын өзінің жазушысын табады ғой деп есептеймін.


Қуан Нұрақын  

Хабарламаларға жазылу