Оралда «Жырлайды Жайық» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Оралда өлкетанушы, жазушы, журналист Қайыржан Хасановтың 80 жылдығына орай «Жырлайды Жайық» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Жыр додасында 18 ақын бақ сынады. Сөз сүлейлері елдік пен бірлікті, қоғамдағы өзекті жайттарды көркем тілмен өрнектеді. Туған жері Қаратөбе ауданының танымал тұлғаларын, Алаш арыстарының өмірдерегін тірнектеп зерттеп,100-ден аса кітап шығарған, алыс ауылда бір өзі тұтас академияның жұмысын атқарған Қайыржан Хасановтың тұлғалық келбеті де айтысқа арқау болды. Өнер бәйгесінің Бас жүлдесін түркістандық Бекарыс Шойбеков жеңіп алды. Хасанов атындағы арнайы сыйлық оралдық Жансая Мусинаға бұйырды. Айтыс билетінен түскен қаражат өрттен зардап шеккен қостанайлықтар қорының есепшотына аударылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17