Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Linde GmbH компаниясының Таяу Шығыс, Еуропа және Африка бойынша аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады.
Әңгімелесу барысында газ және инженерлік технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент «ҚазМұнайГаз» бен Linde GmbH арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптады. Бұл келісім бойынша еліміздің мұнай-газ химиясы саласында қазіргі және келешектегі жобаларды іске асыру көзделген. Өз кезегінде Оливер Пфанн аймақтық нарықтың келешегі зор екеніне назар аударып, Linde компаниясы Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласында инновациялық және орнықты шешімдерді іске асыру үшін ұзақмерзімді әрі табысты ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.