Азиада: Нысана көздеуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді
Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды. Құрамында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков және Асадбек Назиркулиев бар қазақстандықтар 10 метрден жылжымалы нысанға оқ атудан екінші орынға көтерілді. Спортшыларымыз индонезиялықтардың алдын орап кеткенімен, соңғы сында оңтүстік кореялықтарға есе жіберді.
Бақтияр Ибраевтың жұбайы да оқ атудан спорт шебері. Жолдасын алғашқылардың бірі болып құттықтаған Надежданың айтуынша, жүлдегер осы спорт түрімен 12 жылдан бері айналысып келеді. Екеуін спорт табыстырған. Отау құрғандарына 14 жыл болыпты. Отбасында екі бала тәрбиелеп отыр. Қазір үшіншісіне аяғы ауыр.
Надежда Ибраева, Бақтияр Ибраевтың жұбайы:
Біз қатты уайымдадық. Түнімен ата-анам мен екі балам ұйықтамады. Күйеуім үшін кеше маңызды күн болды. Жарақатына байланысты мүлт кетті. Соған қарамастан бүгін барын салғанын барша ел көрді. Жеңіс ортақ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08
Британия Сауд Арабиясына көмекке әскери ұшақтар жөнелтпек
21.10.2026, 20:06