Ғалымдар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқылады

26.09.2023

Ғалымдар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқыға салды.

Құжатты Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген. Қоғамдық тыңдалымда саладағы біршама мәселелер көтерілді. Гранттық жобаларға қаржы беру, қаңтар айынан қарастырылса дейді. Өйткені оның құжаттарын реттеу 4-5 айға созылып кетеді деп отыр. Жас ғалымдардың жеңілдікпен баспана алуы да қиын. Өйткені жарты жылға жуық еңбегін әлеуметтік төлемдер арқылы растай алмайды. Сондай-ақ шараға қатысушылар аймақтарда «Өңірлік ғылыми орталықтарды ашу» туралы ұсыныс айтты. Бұл да заң жобасында қаралмаған дейді.

Қанат Оразалиев, ҚР Ұлттық ғылым академиясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

Қазіргі таңда бүкіл қазақстандық ғалымдардан әртүрлі ұсыныстар түсті. Ірі кен орындарын игеріп жатқан компаниялардың ғылымға деген қалай қолдау көрсету керек, одан Ғылым және жоғары білім министірлігінен бөлінетін жобалардың мерзімі сияқты әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Соны қарастырып, сараптап, министрлікке ұсынатын боламыз.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу