Ұлымыздың жеңісіне сенімді болдық – Никита Чирюкиннің әкесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлымыздың жеңісіне сенімді болдық – Никита Чирюкиннің әкесі

25.09.2023

Шымкенттік Никита Чирюкиннің байрақты бәсекедегі өнерін жұмыста жүріп тамашалауға уақыт тапқан әкесі ұлының жеңісіне сенімді болғанын айтады. Никита спорттың бұл түрімен 14 жасынан бастап шұғылданып келеді.

Қазақстандық мерген жақында ғана тапаншадан оқ атудан қарсыластарының бәрін жеңіп әлем чемпионы атанды. Спортшы биыл Шымкенттегі жоғары оқу орнының спорт факультетін тәмамдаған. Әкесі кәсіпкер, анасы мектепте мұғалім болып еңбек етеді. Ата анасы/ ұлдары енді спорттық шеберлігін мұнан әрі арттырып, алдағы байрақты бәсекелерде топ жаратынына сенімді.

Константин Чирюкин, Никита Чирюкиннің әкесі:

Шынымды айтсам бірінші орын алады деп күттім. бірақ бұйырғаны қола медаль болды. Алғашқы үшттіктен табылу да үлкен жетістік. Жарыстың соңғы айналымдарында Никитада аздаған іштей толқулар болған секілді. Енді әрі қарай спорттық шеберлігін шыңдай түсуге барын салады деп ойлаймын. Мақсат елімізді әлемдік аренада таныту, мойындату. Қазақстан, тек қана алға!


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу