Оралдық Меңлібаевтар әулетінің 4 буын ұрпағы теміржол саласында жұмыс істеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық Меңлібаевтар әулетінің 4 буын ұрпағы теміржол саласында жұмыс істеп келеді

16.02.2015
Оралдық Меңлібаевтар әулетінің 4 буын ұрпағы теміржол саласында жұмыс істеп келеді

Осы аралықта ол слесарь, машинист, шебер, инженер сияқты саладағы сан мамандықты адал атқарды. Қазір қабылдаушы қызметінде еңбектенуде.

Бұл кәсіп Ерболға әкесі мен әжесінен мирас болса, бүгінде отбасылық істі оның зайыбы Тынымгүл апай қостап, екі ұлы мен қызы жалғастыруда.

Шаңырақтың тұңғышы Ерқанат, жөндеу депосының шебері. Әкесі сияқты тепловоз, вагондардың ақаусыз жұмыс істеуіне үлес қосып, міндетін мінсіз атқарады.

Ал, үйдің ортаншысы Ерғазы теміржол көліктерінің құжаттарын түгендеп, есебін жүрігізеді.

Меңлібаевтар отбасы ұжымда үлкен құрметке ие. Несібесін теміржолдан тапқан әулеттің отағасы, соңынан ілескен ұрпағының лайықты ісіне қуанады.

Немерелерінің де теміржолды таңдап, жүрдек поездардың еліміздің әртарабына жүйіткуіне себепші боларына сенімді.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу